Қазақстанда таеквондо

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазақстанда таеквондо, 1991 жылдан бастап өркендей бастады. Осы жылы аты әлемге әйгілі т-дошы Мұстафа Өзтүрік Алматыға келген болатын. Ол келген бойда респ-лық т-до бірлестігін ашуға бел шешіп кірісті. М. Өзтүріктің беделінің арқасында респ-лық бірлестік бірден WTF-тың (бүкіл әлемдік Т-до бірлестігі) құрамына қабылданды. Қазақстанның ондаған қалаларында т-до секциялары жұмыс істеп жаңа спорт түрімен жастар құлшына айналысты. Респ-ның т-дошылары 1993-Нью-Йорктегі, 1995-Манихадағы, 1997-Гонконгтағы, 1998-Бангкоктағы, 1999- Канададағы Ә. Ч-ттарына қатысты. 1994 ж. Хиросимадағы (Жап.) Азия ойындарында респ. құрамасының командасының 2-ші орынға ие болуы жұртшылықты қатты таңғалдырды. А. Үсенов, С. Палмағамбетов, Р. Нұрахметов, Б. Жүргенбаев, С. Шоқбытов, Б. Ағаділов, К. Есжанов жарыстардан медальдармен оралды. Азия ойындарында да табыстарымыз аз болған жоқ.

<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Stub