Қазақстандағы орыс әдебиеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Қазақстандағы орыс әдебиеті — жалпы орыс әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап әр түрлi саяси оқиғаларға байланысты қазақ жерiне аяқ басқан өзге ұлт өкiлдерi тұрақтап қала бастады. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ елiндегi саяси-әлеум., мәдени шараларға белсене араласып, өздерiн этник. топтар ретiнде көрсеттi. Әсiресе, Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкiлдерi де болды.

Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиетi секциясы жұмыс iстей бастады. И.Шуховтың «Қасiрет белдеуi» (1931; қазақ тiлiнде 1972; ауд. О.Оспанов), «Өшпендiлiк» (алғашқы ред. 1932; қазақ тiлiнде 1935; ауд. X.Есенжанов) сияқты романдары сол кездегi кеңес әдебиетiнiң роман жанрындағы елеулi шығармалары болып саналды.

2-дүниежүз. соғыс жылдары А.Бектiң «Волоколам тас жолы» повесiнде (1943) Б.Момышұлының, И.Панфиловтың, т.б-дың ерлiк бейнелерi жасалды.

Соғыстан кейiн Шуховтың «Күн келбетi» (1950), В.Ванюшиннiң «Тiрек нүктесi» (1952) повестерi жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының тақырыптық ауқымын кеңейттi. Н.Анов «Ән қанатында» романында (1959) 20 жылдардағы Қазақстанның әлеум.-тарихи жағдайын суреттедi. Онда ұлттық өнердiң қалыптасуы мен дамуы көрсетiлiп, дарынды адамдардың (И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелерi жасалды. И.Щеголихиннiң «Қарлы бұрқасын» романы (1961), Г.Черноголовинаның «Жаңбырсыз маусым» повесi мен «Тәуекел аймағы» романы (1981), т.б. шығармалар жазылды. Г.Свиридовтың «Жанкештi сапар» романында (1976) Ә.Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлiк жорығы баяндалады. Жангелдиннiң бейнесi М.Симашконың «Комиссар Жангелдин» романында айқынырақ әрi жан-жақты жасалды, Дм. Снегин «Таңертең және талтүс» дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын кеңейтiп, тарихи тұлғалардың бейнелерiн сомдады, олардың iшiнде О.Жандосовтың бейнесi ерекше орын алады. Симашконың Ы.Алтынсарин туралы «Қоңырау» (1982), орыс халқының тарихы туралы «Семирамида» (1968) романдарын, Ф.Достоевский туралы П. Косенконың «Өмiр үшiн өлiм» деректi повестер топтамасын (1986) оқушылар жылы қабылдады. Снегиннiң I.Жансүгiров, И.Эренбург, А.Твардовский, Вс.Иванов туралы «Қауышқан құшақ» әдеби естелiктерi (1988) жарияланды. Поэзия саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун, В.Смирнов, М.Чистяков сияқты ақындардың жаңа толқыны келiп қосылды.

Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ қаламгерлерiнiң шығармаларын орыс тiлiне аударды.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}