Қазақстандағы коньки спорты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстандағы коньки спорты, XIX ғасырдың аяғынан бастап пайда болды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Г. Колпаковский Кіші Алматы өзенінің бойымен жоғары өрлеп барып Көкқабақ төбесінің бауырынан Көкжазық деп аталатын шағын тегіс алаңқайды іздеп табады. Бұл осы жылдары конькимен сырғанау модаға айналған жылдар екен. Санкт-Петербург қаласында оқитын губернатордың ұлы мен қызы да конькимен айналысқан көрінеді. Әрине, олар Верныйда көп тұрақтамай астанаға тезірек қайтқылары келеді. Студент балаларын жанында ұзағырақ ұстағысы келген Герасим Алексеевич әлгі Көкжазықтан мұз айдынын қатырғызады. Сөйтіп қазіргі биік таудағы Медеу мұз айдыны тұрған орын бұрынғы Көкжазықта губернатордың отбасы мен айналасындағы әскерлер, қорғанның ауқатты адамдары бой жазып, таза ауада демалатын сырғанақ пайда болды. Бірақ Қазақстандағы коньки спорты XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қалыптаса бастайды. Осы жылдары алғашқы үйірме Петропавл қаласында пайда болады, содан кейін Семейде, Өскеменде, Оралда, Ақтөбеде, Қазалыда үйірмелер ашылады. Бірақ 1949 ж. көне Көкжазықта мұз қатырылып ол Медеу мұз айдыны деп аталғаннан кейін коньки спортын дамыту шындап қолға алына бастайды. Медеу спорт кешенін салу үшін алдымен селден қорғайтын бөгет салу қажет болды. ҚР-ның спорт шебері атағын барлық төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша межелі ұпай санын орындаған чемпион атағы төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған спортшыға беріледі. Қысқы Азия және Олимпиялық ойында чемпион атағы жеке қашықтықтарда сарапқа салынады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстандағы коньки спорты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}