Қазақстандағы алғашқы феодалдық мемлекеттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер — VI – XIII ғасырларда қалыптасты. Қоғамның материалдық байлығы молайып, басы артық өнім және оны пайдалану әдістері, әр түрлі топтар шыға бастасымен алғаш қы қауымдық құрылыс, құлдық дәуірі іштен ыдырап, бірте-бірте жаңа құрылысқа – феодализмге жол бере бастады. Қазақ даласында бұл процестің өзіне тән ерекшеліктеріне болды. Ғасырлар бойғы ескі құрылыстың қалдықтары феодалдық қатынастарға патриархалдық сипат берді. Сондықтан Қазақстанда таптық қатынастар патриархалдық-феодалдық қатынастар түрінде дамыды. Үстем тап рулық құрылыстың сарқыншақтарын еңбекші бұқараны аяусыз қанау құралына айналдырды.

Феодалдық қатынастардың қалыптасуы барлық жерде бірдей болған жоқ. Көшпелі мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен, қолөнер кәсібімен айналысқан жерлерде бұл процесс неғұрлым тезірек дамыды. Ал тек мал шаруашлығымен ған шұғылданған аудандарда феодалдық қатынастардың дамуы баяулау болды. Дегенмен, бұл екеуінің түпкі мәні бір еді. Азшылықтың (байлардың) қыруар байлық жиналып, көпшілік қайыршылық пен езгіде күнелтті, сөйтіп қоғам бір-біоіне қарма-қарсы екі тапқа бөлінді. Мұның өзі бай таптың бұқараны басып, жаныштау құралы ретінде мемлекеттің пайда болуына әкеліп соқты. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>