Қазан хандығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазан ХандығыАлтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ – Кама бұлғарларының аумағында құрылған (1438 – 1552) мемлекет.


Оған қазан татарлары (Еділ бұлғарларының ұрпағы), марийлер, чуваштар, удмурттар, сонымен бірге ішінара мордвалар мен башқұрттар кірген. Астанасы – Қазан қаласы Қазан хандары әулетінің алғашқы өкілі – Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед (1438 – 45). Оның баласы Махмұтбек 1445 ж. Қазанға орнығып, бұл хандықтың дербес болуына негіз салды. Қазан Хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды; оған қосымша мал шаруашылығы, бау-бақша, жабайы араның балын жинау, аңшылық, балықшылық кәсіптерімен айналысты. Бұлғарлардың дамыған қолөнерін Қазан жұртының шеберлері ыждағаттылықпен қабылдай білді. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер, кесенелер мұнда сәулет өнері мен құрылыс техникасының дамығандығын дәлелдейді. Қазанның географиялық жағдайының тиімділігі оның Русьпен, Сібір, Иран, Кавказ, Орталық Азия елдерімен сауда-саттық қарым-қатынасын жасауына мүмкіндік берді. Қазан Хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі ақсүйектер кеңесі(диуан) бағыт сілтеп, бақылау жүргізіп отырды. Ақсүйектердің ең ықпалды жоғары тобы, негізінен, 4 рудан шыққандар болды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, бұлардан төменіректе мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін хан ақсүйектердің құрылтай жиналысын шақырды. Ислам дінінің өкілдері де Қазан Хандығында зор рөл атқарды, олар ірі жер иеліктерін пайдаланды. Әкімшілік тұрғыдан Қазан Хандығы даруг (округ), ұлыстарға (уәлаят) бөлінді. Русьтегі бөлшектенуді, өзара қырқысуларды пайдаланып Қазан Хандығы 15 ғ-дың 1-жартысында Мәскеудің ұлы князі Василий ІІ Темный тұсында орыс жерінің шығыс бөліктеріне ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған Ресей мемлекеті біріккеннен кейін, Иван ІІІ Васильевич тұсында Қазан Хандығына қарсы күрес күшейді. Мәскеуліктердің тарапынан 1467 – 69 ж. Қазан мен Вяткаға жасалған шапқыншылықтарынан соң Қазан Хандығы орыс жеріне шабуылын тоқтатты, Алтын Орда құлағаннан кейін (1480), Иван ІІІ Қазан Хандығына шабуылды қайта бастады. 1487 ж. 9 маусымда орыс әскерлері Қазанды алды. Әли хан тақтан түсіріліп, оның орнына інісі Мұхаммед Әмин (Иван ІІІ-нің қол жаулығы) хан болып тағайындалды, Қазан Хандығы Ресейге 1521 жылға дейін вассалдық тәуелділікте болды. Мұхаммед Әмин өлгеннен (1518) кейін, оның орнына Қасым хандығының ханзадасы Шаһ Әли хан болып тағайындалды. Оны 1521 ж. Қырым ханының інісі Сахиб Герей құлатып, таққа өзі отырды. Оның тұсында Қазан Хандығы Қырым, Астрахан хандықтарымен, Ноғай ордасымен одақтасып, татар жұртының ауыз бірлігін сақтауға ұмтылды. Бұл бағытты Түркия қолдады. 1521 ж. Қазан Хандығы Түрік-Қырым одағына кірді. 1524 ж. Түркияның протектораттығын қабылдады. Таққа Сафа – Герей отырды (1524 – 49). Бұл одақтан қауіптеніп, одан сақтану мақсатымен Василий ІІІ Сура өзенінің сағасында Васильсурск қаласын салғызып, бекініс жасады (1523). Иван ІV нығайып алғаннан кейін Қазан Хандығына қарсы шапқыншылықты күшейтті, 1546 ж. татар ақсүйектерінің үлкен бір тобы Руське қарсы күресті тоқтатып, Иван ІV-нің жағына шықты, оның артынша Қазан Хандығынан бүкіл “тау жағы” (батыс жақтағы чуваштар) бөлініп кетті. 1545 – 52 ж. Қазан жорықтары Қазан қаласын орыс әскерлерінің басып алуымен (1552) аяқталды. Қазан Хандығы жойылып, оның бүкіл жері Ресей мемлекетінің қарамағына көшті.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Шыңғыс хан империясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Kz-hist-stub