Қазанбасы құмы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қазанбасы құмы– Торғай алды жазығындағы орманды, құмды алқап. Қостанай облысының орталық тұсында, Әулиекөл ауданы аумағында орналасқан. Қазанбасы құмы теңіз деңгейінен 200 м биіктікте, солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 27 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 км. Құм төбелерде көбіне қарағай, кей жерлерде қайың, көктерек, қызылқоңыр топырақты ашық жерлерінде шалғынды дала шөбі өседі. Төбе аралықтарында кішігірім тұщы және тұзды көлдер бар.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>