Қажығали Мәмеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қажығали Мәмеков (туған-қайтыс болған жылы белгісіз) – қазақтан шыққан алғашқы фельдшерлердің бірі.
- Кронштадтағы әскери дәрігерлік мектепті үздік бітірген (1904).
- 1905 жылы Кронштад теңізшілерінің толқуына қатысқаны үшін тұтқынға алынып, бірақ қылмысы дәлелденбеген соң, еліне фельдшер етіп жіберілген.
- 1916 жылы патша өкіметінің қазақтарды тылдың қара жұмысына алуына қарсылығы үшін тұтқынға алынып, Астрахан түрмесінде С.Меңдешевпен бірге отырған.
- 1919 жылы полк. Хлуденевтің отрядына әскери дәрігер болудан бас тартқаны үшін ату жазасына кесіліп, одан қашып құтылған.
- 1923 – 1924 жылдары бұрынғы Бөкей Ордасында білінген оба ауруының алдын алуда белсенді қызметі үшін РКФСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариатынан алғыс алған. Сол жылы оба ауруымен күресу үшін Бозащыға келді.
- 1928 жылдары қазанда қылмысты жауапқа тартылып, үй-мүлкі тәркіленген. Бірақ Гурьев окугтік аткомының төрағасы Ж. Мыңбаевтың көмектесуінің нәтижесінде көршілес Орал өңіріне жер аударылып, аман қалады. Кесімді жылын өтеген соң Астрахан облысында еңбек еткен. Зираты Нарын құмында.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>