Қажахмет Балахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қажахмет БАЛАХМЕТОВ (26.6.1926, қазіргі Айыртау ауданы Сулыкөл а.) — қоғам қайраткері.

ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1948). 1948 — 52 ж. Сырымбет орта мектебінің мұғалімі, 1953 — 57 ж. Еңбекшілдер ауданы Макинск және Степняк орта мектептерінің директоры, 1957 — 60 ж. Көкшетау облысы Халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968 — 80 ж. меңгерушісі, 1970 — 74 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және Білім беру мекемелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1974 — 87 ж. Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметтерін атқарған. Б. 13 жыл бойы қазақ-корей достығы қауымдастығының төрағасы болды. Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбектері жарық көрді. ТМД-ның Халықар. балалар қоры ассоциациясының вице-президенті болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен, төс белгілермен және грамоталармен марапатталған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}