Қадыр Өтегенұлы Жүсіп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қадыр Өтегенұлы Жүсіп (10.1.1937 жылы туған, Атырау) – ақын, филология ғылымдарының докторы (1996), професор (1998).

1988 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1996 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Облыс Әкімшілігінің «Құрмет грамотасымен», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» (Ы.Алтынсарин) медальдарымен, «Қазақстан ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Шығармашылығы

«Өлке» баспасынан «Естелік» (1993), «Ғылым» баспасынан «Асау Атырау» (1997) өлең жинақтары жарық көрген. «Әдебиет сабағында оқушылардың творчестволық ізденістерін қалыптастыру» (Әдістемелік құрал, 1993), «Орта мектепте лириканы талдау» (Әдістемелік құрал, 1994), «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» (Монография, 1995), «Жыр жиһазы» (Монография, 1995), академик-жазушы З.Қабдоловтың шығармашылығына арналған монография — «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), жазушы Ә.Кекілбаевтың творчествосына арналған монография — «Шың мен шыңырау» (2000), «Таңғажайып Бейбарыс» (2000), «Алмас жыр» (2003), «Әдеби толғамдар» (2004), «Махамбеттану мәселелері» (2005), «Қазақтың Қабдоловы» (2005), «Жұмекен жұмбағы» (2006) сияқты кітаптар мен монографиялардың авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}