Қадыр Әбілжанұлы Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox writer

Қадыр Әбілжанұлы Ахметов (31.1.1953 ж., Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданы Социал ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (2003), профессор (2006), Қазақ білім академиясының корреспондент мүшесі (2005).

ҚазМУ-дың тарих факультетін және аспирантурасын (1986) бітірген. Целиноград инженер-құрылыс институтында оқытушы, аға оқытушы (1976–1991), Алматы мемлекеттік университетінде доцент (1991–1996, қазіргі ҚазҰПУ), қазіргі Еуразия ұлттық университінде декан (1996–1999), аға ғылыми қызметкер (1999–2002), кафедра меңгерушісі (2003). 2004 жылдан Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры болып қызмет атқарады. «20 ғасырдың 20–30-жылдарындағы Қазақстан мәдениеті («мәдени революциясының» концепциясы, идеологиясы, жүзеге асырылуы)» деген тақырыпта доктор диссертация қорғаған. Қадырдың зерттеулері мәдениет, ұлттық зиялылар тарихы, оның тарихнамасы мен отан тарихының келелі мәселелеріне арналған. Ол 20 ғ-дағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси, ағартушылық қызметі жайлы 2 монографияның, 80-нен астам ғыл.-зерттеулерінің авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub