Қадырғали Жәлелұлы Ахметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox writer

Қадырғали Жәлелұлы Ахметов (7.2.1942 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Коловертное ауылы) – медицина ғылыми докторы (1997).

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (1965, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті) бітірген. Ленинград медицина институтында ординатурадан өткен (1970). Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданы Қараша ауылындағы аурухананың меңгерушісі (1965–1968), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент (1970–1977, 1981–1994; 1994 жылдан кафедра меңгерушісі), Маңғыстау облысы денсаулық бөлімінде бас терапевт (1977–80), Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1980–1981) болды. Оның негізгі ғылыми жұмыстары кардиология мен терапия мәселелеріне арналған. Қадырғали 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub