Қабылаш Әбікейұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабылаш Әбікейұлы(5.10.1945 жылы туған, Моңғолия, Қобда аймағы, Бай-Бесік, Байөлқе қаласының маңы) - әнші, Моңғолияның халық артисі (1981). София консерваториясын (педагогі - проф. Х.Бромборов) бітірген (1972). Сол жылдан моңғол опера және балет театрының (Улан- Батор қаласы) құрамында соло-әнші. Театр репертуарынан орын алған моңғол, орыс, итальян, франңуз композиторларының опералары бойынша әр алуан партияларды орындап Әбікейұлы Моңғолияның музыкалық- орындаушылық өнеріне, оның даму жолына үлкен үлес косты. Мұнда орындаған елеулі партиялары қатарында Онегин, Елецкий, Роберт (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегин", "Қарғаның моткесі" мен "Иолантасында"), Риголетто, Жермон, Яго (Дж.Вердидің "Риголетто", "Травиатасы" мен "Отеллосында"), Валентин (Ш.Гупоның "Фаустында"), Эскамильо (Ж.Бизеннің "Карменінде"), Фигаро (Дж.Россинидің "Севиль шаштаразында", т.б. бар. 1994 жылдан Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера және балет театрына ауысты. Театр сахнасында Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің осы аттас операсында), Омар (Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлуында"), Жанбота (М.Төлебаевтың "Біржан - Сарасында") секілді партияларды орындаумен көрермендер көңілінен шықты. Оның концерттік-орындаушылық репертуарынан қазақ, моңғол, орыс, корей, болгар, итальян елдері композиторларының музыкалық шығармалары мол орын алды. 1992 жылдан Алматы консерваториясында педагогика қызметпен айналысады. Берлин қаласында өткен Жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік 10-фестивалінің лауреаты (1973) және Софья қаласында өткен Жас опера әншілері байқауының дипломанты (1979).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}