Қабыланқыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚАБЫЛАНҚЫР– Үстірттің оң түстікнде орналасқан үстіртті жазық. Қазақстан мен Түрікменстан мемлекеттері аралығында, сол түстік-батыстан оң түстікке қарай доғаша иіліп 190 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 305 м, енді жері 45 км-ге жетеді. Қазақстан бөлігіндегі абсолют биіктігі 229 м (Құлантақыр тауы). Жер қыртысы орта плиоцен дәуірінің әктас, теңіздің сазды-батпақты шөгінділерінен түзілген. Құлантақырдың кемерленіп келген батысын бойлай сол түстіктен оң түстікке қарай 100 км-ге созылған Гекленқұм (Қарасор) соры жайласқан. Үстірттің жер бедері қиыршықты-сазды келген жазық. Оның сұр, сортаң сұр топырағында қара сексеуіл, тетір, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. шөлдің сораң өсімдіктері өседі. Шығысында Қабыланқыр қорығы орналасқан (Түрікменстанда, 570 мың га). Батыс бөлігінің табанында минералд. 3 г/л-ден астам тұзды көлшіктер мен қайнар бұлақтар кездеседі. Қорықта қарақұйрық, қарақал, т.б. жануарлар мекендейді. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қабыланқыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}