Қабыкей Ахмерұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабыкей Ахмерұлы (27.7. 1927 жылы туған, Моңғолия, Баян-Өлгийаймағы, Бұлғын өлқесі) - композитор, музыка зерттеушісі, Моңғолияның еңбек сіңірген артисі (1976). Сол өңірдегі күйші сыбызғышылардан (Ахмер, А.Қызыл, А.Жұқа, Н.Қытайбай, М.Ыбырай) халық ән-күйлерін үйренген. Өнер жолын мәдениет клубынан бастаған. 1958 - 59 жылдары Алматыда ұлт-аспаптар оркестрінде шеберлігін шыцдаған соң, Баян-Олгий қазақ музыкв драма театрында 30 жыл бойы ұлт-аспаптар оркестріне жетекшілік етті. Әр ел композиторларының 200-ге тарта шығармасын оркестрге түсірген. Қабыкей 25 ән, ондаған би музыкасы және 30-ға тарта күй авторы (1965). "Моңғолия қазақтарының халық әндері" (1965), "Ән кітабы" (1972), "Баян-Өлгий қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері" (1977), "Моңғолия қазақтарының халық әндері" (1983) жинақтарын дайындап, бастырды. Соңғы жинағына қазақ халқының 250-дей әнін түрлі нұсқаларымен, мәтіні мен және нотасымен жариялаған. Моңғолияның "Алтын жұлдыз" орденімен (1960) марапатталған, 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}