Қабиболла Сыдиықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабиболла Сыдиықұлы (1934, Қарақұм мекені, Маңғыстау облысы – 2001, Алматы) – әдебиеттанушы, филология ғылымының кандидаты (1966). Атырау оқытушылар институтын (1955) және ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін (1960) бітірген. Атырау педагогикалық институтында оқытушы, доцент қызметін атқарды (1960 – 69), ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер (1962 – 82), Форт-Шевченко қаласындағы Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражай-кешенінің директоры болған. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. С. жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде 1949 жылдан өлең, очерк, мақалалар жариялады. 1959 – 85 жылы Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (Тарбағатай, Зайсан) өңірін, Түрікменстан, Қарақалпақстан аймағын аралап, халықтың әдеби-мәдени мұраларын жинайды. Әдебиет және өнер институтының әдеби һәм муз. мұралар жинау жөніндегі 1986 жылғы Өзбекстан, Тәжікстан экспед-на, 1987 жылғы «Маңғыстау» энциклопедиясына, т.б. ғылыми жетекшілік етті. Ақын, жыраулар мұрасын, халық әндерін, домбыра күйлері мен жыр күйлерін (жыр әуендерін), ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салады. Атырау, Маңғыстау аймағының әдеби, мәдени, тарихи мұраларын және Мұрын жыраудан жазылған «Қырымның қырық батырын» зерттеп, жариялаудағы еңбегі үшін С-на 1991 жылы Форт-Шевченко қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Құлсары қаласының бір шағын ауданы Сыдиықұлы атында; аудан орталығында Сыдиықұлы ның кеуде мүсіні орнатылған. Жылыой ауданнының (Атырау облысы) құрметті азаматы (1994).<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>[[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997; </ref>

<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

  • Біртума жыр саңлақтары, А., 2001;
  • Каспий қайраңы, киелі өнер, А., 2001;
  • Атамекен, А., 2004;
  • Таңдамалы шығармалары, 2-т., А., 2007.

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қабиболла Сыдиықұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}