Қабдолда Тұраров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабдолда Тұраров - 1921 жылы Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Маралиха (қазіргі Маралды) ауылындағы орта мектепті бітірісімен ауыл мектебінде мұғалім болып орналасады. 1950-1953 жылдары Шердіаяқ кенішіндегі кешкі мектептің, 1953-1956 жылдары Ленинскі мектебінің директоры бола жүріп, 1956 жылы Өскемен мұғалімдер институтының матаматика факультетін сырттай бітіреді. 1956-1960 жылдары Жолнұсқау мектебінің директоры қызметін атқарады. 1960-1964 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінде инспектор болды. 1965-82 жылға дейін Күршім аудандық мәдениет бөлімін басқарды. Осы жылдар ішінде Ақсуат ауылында «Айдын» атты ән-би ансамблінің құрылуына ықпал жасады. Аудандағы үш ұжымға «халық театры» атағын әперді. 1982 жылы аудандық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Экспонаттардың жиналуына ықпал жасай отырып, мұражай жұмысының алға басып кетуіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз.


Кейіннен ауданда, облыста ақындар мектебін ұйымдастырды. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына 20-дан астам әндері қабылданды. Қ. Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болған. Облыстағы өнер саласындағы еңбегі ерекше. Айтыстың тұралап жатқан шағында облыста ақындар мектебін ұйымдастырып, өзі басқарды. Ол тәрбиелеген әуесқой айтыс ақындарының саны 50-ден асады. Олар облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды.


1959 жылы «Алтай әуендері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан «Жайқоңыр» өлеңдер жинағы, Композиторлар одағының мақұлдауымен «Өнер» баспасынан 1987 жылы «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына Қабаңның көп әндері кірген. Күршім ауданының «Құрметті азаматы», ақын-сазгер, шежірешінің үлгі істері көпке үлгі-өнеге.

Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен республика Композиторлар Одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақытжан Байқадамов пен Құддыс Қожамияров жақсы пікір айтқан. Аудан тарихы туралы көп жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына тұған жері оның тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республикалық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды.

«Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығармаларының авторы.

Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған еңбегі еленіп ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілген, Күршім ауылындағы бір көше Қ. Тұраровтың есімімен аталады.

«Мәдениет қайраткері», облысқа өнер саласында сіңірген еңбегі ұшан теңіз ақын-сазгер. 2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленді. <ref>Жаны мен жады халықтың = Душа и память народа = SoulAnd Memory Of people [Мәтін]: ШығысҚазақстан мәдениеті = Культура Восточного Казахстана =Eastezn Kazakhstan culture.- Усть-Каменогорск: Светоч, 2003.- 304 с.</ref> <ref>Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет,білім) [Мәтін]/ Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б.</ref> <ref>Қайыров Н. Қабдолла аға еске түскенде// Дидар.- 2004.- 18 мамыр. - Б. 4</ref><ref>Қайыров Н. Ел есіндегі есім [Мәтін] / Н. Қайыров//Дидар.- 2008. - 3 шілде. - Б. 4.</ref> <ref>Шәкіров М.Т. Туған жер әуендері: [Күршімдік сазгер Қ.Тұраров жайында]// Дидар.- 1999.-30 қаңтар</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер