Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайы (Алматы облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Whenilive.jpg
Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайы

Қаракерей Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі 1990 жылы қазан айында құрылды. 1991 жылы тарихи-өлкетану музейі болып ашылды. 1991 жылы халық батыры Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық тойынан кейін, 1993 жылы музейге Қабанбай батырдың есімі берілді.<ref>Мұражайдың жеке ақпараты</ref>

Тарихы

Бұл Қабанбай ауылында салынған тарихи ғимараттың тарихы тереңде жатыр. Музейге кіре берісте оң қанат, сол қанат болып екіге бөлінетін екі басы бар. Сол қанатта орналасқан үй Лепсі уезінің бай көпесінің үйі болған. 1935 жылы бай-шонжарларды тәркілегенде үйін бұзып алып, осы жерге орналастырған. Оң қанатта орналасқан үй Қызыл әскер штабының үйі. Екеуі де бөрене ағашынан салынған. Екі үйді қосып тұрған ортадағы кең зал қызыл кірпіштен салынған. Осы тарихи орындарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының сұрауы бойынша музей құрылған.

Музейдің жалпы көлемі 518,1 шаршы метр. Экспозициялық зал көлемі 311 шаршы метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны 837, оның ішінде 348-і негізгі қорды құрайды. Олардың ең құндысы экспозиция залдарында ұсынылған. Олар: Самаурын (1892ж.), зерленген кимешек (ХІХғ.), күміс сырға (ХІХғ.), ет салатын астау (ХІХғ.), қыштан жасалған құмыра (Х ғ.). Музей залдарында ұсынылған экспонаттар ауданның бай әрі сұлу табиғаты мен көне тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы туралы сыр шертеді. Музей: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өлкеміздің табиғаты», «Археология», «Қабанбай батыр», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкенің тарихы», «Этнография» залдарынан тұрады.

Реставрация

Музейге алғаш жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілді. 2010 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы бойынша музейге толық күрделі жөндеу жүргізілген. 2011 жылы музей залдарына безендіру жұмыстары жүргізілді.

Мұражай директорлары

  • Алғаш музейді Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Әміреев басқарған.
  • 1999-2012 жылдар аралығында музейді Қанағатова Нұрсиха Сейсембекқызы басқарған.
  • 2012 жылдың маусым айынан Сүлейменова Гаухар Серікқызы басқарған.
  • 2013 жылдың тамыз айынан Қожахметова Жазира Әбеубәкірқызы директорлық қызметін атқарып келеді.

Мұражай залдары

Археология залы, Гаган қаласы

Терістік-шығыс Жетісуда орта ғасырларда әлемге белгілі 6 қала болған. Бұл қалалардың ұзындығы 100 м-ден 1 км-ге дейін созылған. Солардың бірі Алакөл бойында орналасқан Гаган (Көктұма) деген қала болған. Оның куәсі қыштардан, тастардан жасалған ыдыстар мен бұйымдар

Қабанбай залы

Қаракерей Қабанбай (1691-1769 жж.) – жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан халық батыры. Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағұл батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың елін шапқан батыры Жарғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп кегін қайтарады.

Келесі зал қазақтан шыққан тұңғыш-инженер – теміржолшы, жалған жаламен репрессияға ұшыраған М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспозициялық комплекстен тұрады.

«Тәуелсіздік» залында Әнуар Әлімжанов өмірін және қызметін баяндайтын экспозициялық кешен орналасқан.

Этнография залында орналасқан қазақ киіз үйі мен орыс үйінің көрінісі мен тұрмыстық заттары келушілердің назарын аударады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер