Қабанбаев Марат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ КСР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді. М.Қабанбаевтың бұл шығармалары "Философиялық ойларымен" ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА