Ғұмырнамалық фильм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ғұмырнамалық фильм - киноөнерінің тарихи тұлғалар, қоғам, ғылым жөне мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы туындысы.
Қазақ кино өнерінің қарлығашы "Амангелді" (1938) - ғұмырнамалық-көркем фильм болды. Осыдан бастап қазақ кинематографияшылары бүгінгі күнге дейін төмендегідей ғұмырнамалық фильмдер түсірді:
- Абай туралы - "Абай әні" (1945, сценарий авторлары М.Әуезов, Г.Рошаль; режиссер Рошаль, Е.Арон; басты рольде Қ.Қуанышбаев),
- "Абай" (1995, сценарий авторлары А.Әмірқұлов, Л.Ақынжанова, А.Баранов; режиссер Әмірқүлов; басты рольде Ғ.Тұрықбаев);
- Ж.Жабаев туралы - "Жамбыл" (1952, сценарий авторлары: Н.Погодин, Ә.Тәжібаев; режиссер Е.Дзиган),
- "Жамбылдың жастық шағы" (1996, сценарий авторы: М.Жолдасбеков; режиссер Қ.Қасымбеков; басты рольде М.Тазабеков);
- Ш.Уәлиханов туралы - "Оның кезеңі туады" (1957, сценарий авторлары: С.Ермолинский, М.Блей-ман; режиссер М.Бегалин; басты рольде Н.Жантөрин),
- 4 сериялы "Шоқан Уәлиханов" (1984, сценарий авторы: Ю.Николин; режиссер А.Әшімов, Цой Гук Ин; басты рольде С.Әшімов);
- Бауыржан Момышұлы туралы - "Артымызда Мәскеу" (1967, сценарий авторлары: В.Соловьев, М.Бегалин; режиссер Бегалин; басты рольде В.Санаев пен К.Кенжетаев);
- Мәншүк Мәметова туралы - "Мәншүк туралы ән" (1969, сценарий авторы А.Михалков-Кончаловсқий; режиссер Бегалин; басты рольде Н.Арынбасарова);
- Ғани Мұратбаев туралы - "Ағай менің" (1972, сценарий авторы Леонард Толстой; режиссер А.Қарсақбаев; басты рольде Қ.Тастанбеков);
- Қажымұқан туралы - "Күш атасын танымас" (1985, сценарий авторлары: Р.Қожықов, С.Қожықов; режиссер С.Қожықов; басты рольде Ә.Бекболатов);
- Әлия Молдағұлова туралы - "Мергендер" (1985, сценарий авторы жөне режиссер Б.Шәмшиев; басты рольде А.Темірова);
- Ақан сері туралы - "Құлагер" (1987, сценарий авторлары: Б.Мансұров, А.Сүлейменов; режиссер Мансұров; басты рольде К.Сатаев),
- Мұхаддис Исмаил әл-Бұхари туралы - "Имам әл-Бүхари" (1996, сценарий авторлары: У.Садыков; режиссер Б.Садыков; басты рольде А.Мұхамеджанов), т.б. атап айтуға болады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>