Ғұбайдолла Отарұлы Ілиясов
Ғұбайдолла Отарұлы Ілиясов (1914 жыл 12 қараша, Жәнібек ауданы, Бекжан ауылы - 2001 жыл 22 қазан, Алматы) - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мемлекет және қоғам қайраткері.
Еңбек жолы
1938 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі ауылшаруашылық тобының бастығы қызметін атқарған. 1950-1952 жылдары - Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары. 1952-1954 жылдары - Көкшетау облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1954-1955 жылдары - Ақмола облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1956-1959 жылдары - Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1959-1961 жылдары - Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1961-1975 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, аға оқытушысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 4-5-шақырылымдарының депутаты.
Марапаттары
2 мәрте 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің Алтын орденімен (1954; 1956) марапатталған. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- 1914 жылы туғандар
- Батыс Қазақстан облысында туғандар
- Қазақстан ғалымдары
- Талдықорған облысының әкімдері
- Қызылорда облысының әкімдері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Қызыл жұлдыз орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі медалінің иегерлері