Ғұбайдолла Айдаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айдаров, Ғұбайдолла (18.6. 1921, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Тельман к. – 1.3.2001, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1974). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1994). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Шымкент оқытушылар институтын (1948), ҚазПИ-ді (1952, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1959 жылдан Қазақстан Ғылымдар Академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Айдаров 250-ден астам ғылыми-зертхана еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми-зертхана еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Айдаров, Ғұбайдолла ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвист тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

Шығармалары:

  • Білге қаған ескерткішінің тілі, А., 1966;
  • 8 ғ-дағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі, А., 1971;
  • Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық), А., 1986;
  • Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1991.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}