Ғылым - халықтың игілігі (мақала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғылым - халықтың игілігіҚаныш Сәтбаевтың мақаласы. 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым мен мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» жинағына, 2007 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспа үйі шығарған шығармалар жинағының 1-томына алғаш енген. Бұл мақалада ғалым өткен жылдардағы Ғылым Академиясының әр сала бойынша атқарған зор ғылым еңбектеріне тоқтала отырып, жаңа 1950 жылда атқарылатын міндеттерге көңіл бөледі. Сәтбаев «Академияның осы жоспарына сәйкес жобалар бойынша 1950 жылы Қазақстанның кен байлықтары, қара, түсті металл, көмір, мұнай қорлары зерттеледі. Қарағандыны бұдан да өркендету мәселесі алға қойылып отыр.

Сондай-ақ Қазақстанның батыс өңірін өзінің жергілікті отын қорымен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі» дей келіп, 1950 жылы 331 тақырыпта 84 кешенді проблемаларды қарайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетінін, мұның ішінде тау-кен, геология, география, тарих, тіл, әдебиет, өнер, медицина, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, әсіресе, биологиядағы мичуриндік озат бағытты насихаттайтын зерттеулер болатынын атап өтеді.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғылым - халықтың игілігі (мақала)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}