Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалаларыҚаныш Сәтбаевтың таңдамалы мақалаларының жинағы. 1989 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасында жарық көрген. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археологиялық және этнографиялық институты дайындаған. Редакция алқасына академиктер Ж.Әбділдин, А.Абдулин, Ш.Шокин, В.И.Штифанов, Ғылым Академиясының мүшелері А.Қошанов, Ш.Сәтбаева, Р.Сүлейменовтер енген. Жауапты редакторы - М.Қозыбаев, жауапты шығарушы – Ж.Аханов. 440 бет, таралымы 1500 дана.

Кітапқа Сәтбаевтың мәдениет пен ғылымды дамытудың маңызды проблемаларын көтерген публицисттік еңбектері енген. Қазақ және орыс тілдерінде 8 тараудан тұратын жинақта Үлкен Жезқазған проблемаларын, Қазақстанда ғылымды дамыту мәселелерін көтерген мақалалары топтастырылған. Сондай-ақ ғалымның ертеректе жазған «Томск қаласындағы ұлттар кеші», «Қазақстанның ұлттық театры туралы», «Обаған», «Ер Едіге» секілді мәдениет пен өнер мәселелерін қозғаған мақалалары да қамтылған. Кітап қоғамтанушыларға, ғалымдарға және қалың оқырман қауымға арналған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}