Ғылыми қызметкерлердiң 1961 жылы 12-14 маусымда кремльде өткен бүкілодақтық кеңесі (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғылыми қызметкерлердiң 1961 жылы 12-14 маусымда кремльде өткен бүкілодақтық кеңесі - Кеңестің Мәскеуде 1961 жылы орыс тілінде жарық көрген стенограммасы мен материалдары. Кеңес барысында академик М.В.Келдыш баяндама жасап, А.Н.Косыгин бастаған 72 адам сөйлеген. Кеңес жұмысы Ю.А.Гагариннің әлемде бірінші болып ғарышқа ұшуы мен елімізде ғылымды үйлестіруді ретке келтіру туралы партияның Орталық комитеті мен КСРО Министр Кеңесінің шешімі шыққан кезге және СОКП XXI съезінің өтер қарсаңына тура келген. Оған ғылым мен техниканың әр саласының озық қайраткерлері қатысты.

Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті, академик Қаныш Сәтбаев өз сөзінде Қазақстан Кеңес Өкіметі орнағаннан кейінгі жылдарда Кеңес Одағындағы мықты индустриялы, ғылымы мен мәдениеті гүлденген алдыңғы қатарлы республикаға айналды, құрылғанына 15 жыл толған Қазақ КСР Ғылым Академиясының институттары ғылымның негізгі салалары бойынша көптеген мәселелердің шешімін табуда дей келе, академия жұмысын, оның институттарының Қазақстанның ірі өндіріс, өнеркәсіп мамандарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқанын, болашақта атқарылар істер жайында жан-жақты баяндайды. Көлемі 20,5 баспа табақ. Таралымы 5 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғылыми қызметкерлердiң 1961 жылы 12-14 маусымда кремльде өткен бүкілодақтық кеңесі (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}