Ғылыми журналдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғылыми журналдар – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар. Ғылыми журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан, оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға және ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар болып табылады. Олардың ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі елеулі.

Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғылыми журнал және ғылыми-көпшілік журналдар болып жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиеті», т.б. Ал ғылыми-көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады.

Қазақстанда шығатын мұндай ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы болды. Кейін республикада әр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық, сонымен қатар ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар саны көбейді. Мысалы, «Ізденіс – Поиск», «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы», «Известия Академии наук Республики Казахстан», «Вестник Академии наук Республики Казахстан», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Әлемдегі ғылыми журналдар

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}