Ғахип Уәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәлиев Ғахип (14.11.1941 ж.т., Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекшi а.) – техника ғылымының докторы (1986), профессор (1988), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының (2003), ҚР Инженер (1993) және ҚР Жоғары мектеп (2002) ғылымдар академияларының академигі КСРО Жоғары мектебінің (1985) және ҚР Білім беру ісінің (2000) үздігі. ҚазМУ-ды (1965, қазiргi ҚазҰУ) бiтiрген. КСРО ғылым академиясының машинатану институтында стажер-зерттеушi, аспирант (1965–70), ҚазМУ-да аға оқытушы, доцент (1970-73), кафедра меңгерушiсi (1973–83, 1992–99), декан (1983–89), ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор (1989–92), ҚазПИ-де (1999–2002, қазiргi ҚазҰПУ) декан, кафедра меңгерушiсi қызметтерiн атқарды. 2002 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының Механика және машинатану институты, физика-матемематика зерттеулер орталығының директоры. «Теория и совершенствование механизмов многоцветных станков-автоматов СТБ» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми бағыты – машина динамикасы және аналитикалық механика есебiн математикалық модельдеу, серпiмдi жүйелердiң динамикасы мен тербелiсi. 170-тен астам ғылыми жарияланымның оның ішінде 4 монография мен 4 әдістемелік-оқу құралының авторы, 16 авторлық куәлiгі мен 3 патентi бар. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1982). Шығармалары: Математическое моделирование динамики механизмов и машин, А., 1998; Динамика механизмов и машин, А., 2000; Динамика механизмов ткацких станков-автоматов СТБ, А., 2003. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғахип Уәлиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}