Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:WMAP image of the CMB anisotropy.jpg
WMAP негізіндегі ғарыштың микротолқынды фон нұрлануын көрсететін сурет

Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануы, Қысқаша "ҒМФН"(ағылшынша:CMB, cosmic microwave background),— ғаламдағы жойқын жарылыстан қалған нұрлану {радияция) болып, ол әлемдегі ең ежелгі жарықтарды, жойқын жарылыстың алғашқы сәтінде пайда болған нұр-сәулелерді көрсетеді. Оны көбінесе галактикалар мен жұлдыздарара бос кеңістікте шашылған сәулелер арқылы айқындайды.

1964 жылы АҚШ радиоастрономия ғалымдары Арно Пензиас және Роберт Вильсон кездейсоқ ғарыштың микротолқынды фон нұрлануын ашты және осы еңбектері үшін олар 1978 жылы Нобель сыйлығына ие болды.

Ғарыштың микротолқынды фон нұрлануы ғарыштағы ең ежелгі жарық сәулесі болып, олар ғарыш пайда болып, 380,000 мың жыл өткен кезде ғарышқа шашылған екен. Ол темпратураның алғашқы өзгерісін, алғашқы тығыздықтың өзгешелігін, кейін пайда болған құрылымдардың әсерін көрсетеді, қазіргі жұлдыздар мен галактикалардың алғашқы тамыры есептеледі.