Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлжанов Ғани Әбдуәлиұлы (20.9.1965 жылы туған, Қызылорда облысы Жалағаш кенті) - актер. Алматы музыкалық училищесін (1984),. Алматы театр және көркемсурет институтын (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген (1991). 1990 жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер. Ол Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейнесінде" Құмар, К.Аширдің "Қабыл - Адам ата перзентінде" Абыл, Ә.Кекілбаевтың "Абылай ханында" Әбілмансұр, М.Мақатаевтың "Қош,махаббатында" Айбар, У.Шекспирдің "Гамлетінде" Клавдий, т.б. бейнелерін сәтті ойнады. Сондай-ақ, Құлжанов отандық телесериялдар арқылы белгілі ("Тоғысқан тағдырларда" Джоха, "Қарашегірткеде" Диас), "Ләйләнің намазы", "Көгершін қоңыраушысы" көркем фильмдеріне түскен. Гастрольдік сапармен Иран, Өзбекстан, Ресей елдерінде және Қазақстанның барлық облыстарында болып, өнер көрсеткен. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, грамоталармен марапатталған. 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}