Ғаниен Абдукерим

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаниен Абдукерим - 1937 жылы 10 қаңтарда Алматы облысының Панфилов (бұрынғы Жаркент) ауданындағы Шолақай ауылында туған. Өлеңдері 1953 жылдан бастап Панфилов аудандық ұйғыр тілінде шығатын «Колхозчилар авази» ғазетінің бетінде жариялана бастады. Жас ақын 1959 жылы ҚазМУ-ді тамамдағаннан кейін, бірнеше жыл Еңбекшіқазақ және Қаскелең ауданындағы орта мектептерде ұйғыр тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1962 жылы Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан «Жастық сезімдері» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. 1964 жылдан бастап Алматыдағы ұйғыр тілінде шығатын «Коммунизм туғи» ғазетінде қызмет атқарады. 1966 жылдан Қазақ радиосының шет елдерге радиохабарларын тарату Бас редакциясында редактор, 19741987 жылдары аға редактор болған.

Шығармалары

«Баһадур» атты эпикалық поэма жазды. Кейбір шығармалары Мәскеу, Ташкент және Алматыда шыққан «Шынар ағаштары», «Үйғыр ақындарының дауысы», «Ұйғыр ақындары» сияқты поэзиялық топтамаларға кірді. «Жазушы» баспасынан орыс тілінде «Жетісу жұлдыз дары» жинағы жарық көрді (1987). « Ағалар жолы », « Қазақстан », «Жер туралы декрет», « Армандарым», «Ақиқат туралы ақиқат», «Жауынгер монологі», «Ой адамы бәрінен биік», «Ана жүртым Шолақай» атты кітаптардың авторы.

Жетістіктері

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет Грамотасымен марапатталған (1987).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}