Ғалым Хакімұлы Ахмедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалым Хакімұлы Ахмедов ( (25.12.1906 жылы, Ақтөбе облысы Алға ауданы 1-май ауылы-2002) - жазушы, аудармашы.

1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтынын бітірген. 1926 — 1932 жылы Ақтөбе, Жамбыл облыстарында кәсіподақ, шаруашылық қызметтерін атқарды. Қазақстан Комунистик Партияның Округтік Кеңестің нұсқаушысы (1938), Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы (1938) болды. 1944 жылы Қазақ мемлекеттік біріккен баспасының Бас редакторы, 1950 жылы көркем әдебиет (қазіргі “Жазушы”) баспасының директоры болып тағайындалып, әдебиетімізді өркендетуге белсене ат салысты.
Ахмедов шығармашылық жолын аудармашы ретінде бастаған.

  • Б. Горбатовтың “Бағынбағандар” повесін (1947),
  • Т. Семушкиннің “Аласталған Алитет” (1950),
  • И. Тургеневтің “Соны сүрлеу” (1959), “Түтін” (1966),
  • М.Бубенновтың “Қыран ұшқан құла тұз” (1962),
  • К.Фединнің “Алау” (1969) романдарын,
  • Ю.Смуулдың “Мұз кітабын” (1977),
  • Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін аударған. Ахмедов кейін төл туындылар жазуға ден қойып, өнімді еңбек етті.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>


Ел өміріне, тарихына байланысты терең ойлы, зерделі еңбектер жазды. Тарихи тақырыпқа арналған

  • «Жорық жылдары» (1977),
  • «Жем бойында» романдары,
  • «Ескі достар» әңгімелер кітабы,
  • «Түркістан үшін күрескендер» очеркі («Жұлдыз», 1996, Ns 2),
  • «Алаш «Алаш» болғанда» естеліктері (1996) т. б. жарық көрді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}