Ғалым Байназаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байназаров Ғалым - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы хатшылығының меңгерушісі.

1944 ж. 17 қыркүйекте Торғай облысы Жангельдин ауданы туған.

1969 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1969-76 жж. - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-85 жж. – Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-87 жж. – КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-92 жж. – Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-ші орынбасары. 1992-93 жж. – ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы. 1994-95 жж. - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-96 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-98 жж. - «Қазпочтабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-98 жж. - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры.

1998-2002 жж. - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы.

1999-2002 жж. - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-02 жж. - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесі төрағасының кеңесшісі. 2002-04 жж. - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі.

2005 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы хатшылығының меңгерушісі.

«Отан» РСП саяси кеңесінің мүшесі (1999).

«Парасат» орденімен марапатталған (2005).<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}