Ғайша Шарипова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шарипова Ғайша (1901, Ресей ,Қазан қаласы - 1969) - аудармашы.


Қазанда әйелдер гимназиясын бітіріп, Қазан университетінде оқыған. Кейінірек татар жұмысшылар театрының артисі болған. Мәскеуде РКФСР Жоғары сотында аудармашы болып қызмет істеген. Осы уақыттан бастап татар, башқұрт, қазақ және қырғыз тілдерінен орыс тіліне аудармашы ретінде әдеби қызметін бастайды. Алматыдағы ҚазОГИЗ-дің аудармашы редакторы, "Казахстанская правда" газетінің әдеби қызметкері, Абай юбилейін өткізу комитетінің ғылылыми хатшысы болған. Көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын, оның ішінде М.Әуезов пен С.Мұқановтың туындыларын аударуға қатысқан.

"Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}