Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ғайникамал Мұқанқызы Байқошқарова (1943 жыл 8 ақпанда Семей қаласында туған) – актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1974 жылдан).

Жалпы мәлемметтер

Ғайникамал Мұқанқызы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласыында туған. 1962 жылы Алматы медициналық институтына түскен болатын. Алайда 1965 жылы оны тастап кетуге тура келеді. 1969-1974 жж Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы консерваториясы)ның "театр бөліміне" "театр және кино актері" мамандығы бойынша білім алды.

  • 1969-1974 жж Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен театрында қызымет етеді.
  • 1974 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында. Сол уақыттан бері 80-нен аса небір көркем роль орындап, музыкалық комедия мен фарстан бастап, психологиялық драма және трагедиялық қойылымдардың қай-қайсысында да шеберлік биігінен көрінеді.

Сахнадағы рөлдері

Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Н.Әбуталиевтің «Өттің, дүниесінде» (Махамбет) Бәтима ханым, Айғанша, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Ирма, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Иран-Ғайыптың «Шыңғысханында» Есуй, Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Ана, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа, Н.Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» әйел (реж.Н.Жақыпбай) т.б.

Кинодағы рөлдері

1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы туралы «Аллажар» (реж.Қ.Әбенов), «Офицер мырзалар», «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (реж.Ә.Сүлеева), «Күнә» (Б.Шәріп), «Шұға», «Астана – менің махаббатым», «Ағайындылар» (реж.А.Сатаев),"Қара шаңырақ" телесериалы және т.б 15-тен аса көркем фильмге түсіп, әрқилы бейнелер жасады.

Марапаттары

  • 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 10 жыл" медальі;
  • 2003 жылы президентінің қолынан «Құрмет ордені» мен марапатталды.
  • 2004 жылы ҚР президентінің жарлығымен әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
  • 2011 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері.
  • 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" медальі;
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.