Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов (3 сәуір 1971 жыл — 12 қараша 2011 жыл) — полиция капитаны, Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.

Өмірбаяны

Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 3 сәуір 1971 жылы Жамбыл облысы Түймекент ауылында дүниеге келген. Ғазиз Әбдібекұлы мектеп жасында әкесі Әбдібектен ерте айырылады. Мектеп бітірген соң жоғары білім іздеп 1997 жылы Қарағанды Политехникалық институтына түседі. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ұлттық университетке түседі. Ғазиз 20 жыл құқық қорғау органында қызмет етеді. 2011 жылдың 12 қарашасында қылмыскердің қолынан қаза табады. Артында жұйбайы мен 2 ұлы қалды.<ref>Флора Алиева. Семерых сотрудников ДВД Жамбылской области представили к государственным наградам. КТК (16 қараша 2011). Тексерілген 27 желтоқсан 2011. Архивировано из первоисточника 7 қыркүйек 2012.</ref><ref>Адиля Норузова. Капитану полиции Газизу Байтасову посмертно присвоено звание «Халык Кахарманы». КТК (14 желтоқсан 2011). Тексерілген 27 желтоқсан 2011. Архивировано из первоисточника 7 қыркүйек 2012.</ref><ref>Газиз Байтасов посмертно удостоен звания «Халық Қаhарманы». Tengri News (14 желтоқсан 2011). Тексерілген 27 желтоқсан 2011. Архивировано из первоисточника 7 қыркүйек 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>