Ғабит Хайроллаұлы Сарыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Сарыбаев Ғабит Хайроллаұлы — қоғам қайраткері, Азамат соғысына қатысқан.

Өмірбаяны

Сарыбаев Ғабит Хайроллаұлы (03.1893 жылы туған, Орал облысы, Орал ауданында. 15.11.1966 жылы Алматыда қайтыс болды) – Орал облысында Совет өкіметін орнатуға қатысқан Азамат соғысы ардагерлерінің бірі. 1919 жылдан компартия мүшесі. 1916 жылы Орынбордағы «Хусайния» медресесін бітіріп, Батыс майдандағы тыл жұмыстарына жіберілді. 1918 жылы Бөкей облысының Советінің 1-3 съездерінде облыстық Советінің мүшесі ретінде сайланды. 1919 жылы жазда Қызыл гвардия қатарында эскадронға саяси комиссар болды. 1920 жылдың басында Нарын уездінде милиция бастығы және ЧОН (ерекше қызмет атқаратын әскери бөлім) отрядының бастығы. 1923-1930 жылдары сот, партия, совет органдарында жұмыс істейді. Қарқаралы ауданында партия комитетінің секретары (1929-1930). 1932-1933 жылдары «Социалистік Қазақстан» газеті редакторның орынбасары, кейін Гурьев аймақтық парти бақылау комиссиясының председателі, 1933-1936 жылдары Гурьев облысындағы Бақсай с-зында саяси бөлім бастығы. 1957 жылдан кейін оқу-ағарту саласында қызмет атқарды.

  • 1919 жылы осы полктің саяси комиссары болып тағайындалды. Азамат соғысы аяқталған кейін түрлі жауапты қызметтер атқарған.
  • 1937 жылы репрессияға ұшырап, 1958 жылы ақталған. Өмірінің соңғы жылдары мектепте мұғалім болып істеді.
  • 1960 ж. «Қазақстан Азамат соғысы жылдарында» атты

жинақта мақаласы жарық көрді. Онда қазіргі Бөкей ордасы, Жәнібек аумағында болған шайқас баяндалады. Талов стансадағы мектеп Сарыбаевтың есімімен аталады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғабит Хайроллаұлы Сарыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}