Ғабдөш Рамазанұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғабдөш (Ғабдолла) Рамазанұлы Сүлейменов, Сүлеймен (18.1. 1928, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қазаншүңқыр елді мекені, Алайғыр а. - 11.7.1998, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976). 1949 ж. Алматы театр училищесін, 1952 ж. Ташкенттің театр-көркемсурет институтын бітірген. Сол жылдан Қазақ академиялық драма театрында актер болып қабылданып, өмірінщ соңына дейін аталмыш театрда жемісті еңбек етті. Сүлейменов ойнаған рольдері қатарында: Қозы, Қодар, Қарабай (Ғ.Мүсіреповтің"ҚозыКөрпеш - Баян сұлуында"), Әзімхан (М.ӘуезовпенЛ.С.Соболевтің"Абайында"), Еспембет, Көбікті, Нарша (Әуезовтің "Еңлік - Кебек", "Қара қыпшақ Қобыланды" мен "Қарагөзінде"), Хасен (Қ.Байсейітов пен Қ.Шанғытбаевтың "Беу, қыздарайында"), т.б. бар. Сүлейменов киноға түсіп: Аңшы жігіт ("¥лы жердің заңы", 1949), "Кездеспей кеткен бір бейне", "Қара маржан", "Омпа", т.б. фильмдерінде рольдер ойнады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}