Ғабдолла Оразбайұлы Бұзырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Ғабдолла Оразбайұлы Бұзырбаев (1908, Новосібір облысы, Утеч - 26.12.1941, Алматы) - Қазақстан партия, кеңес қайракері.

Омбы жұмысшы факультетін, Новосібір Марксизм-ленинизм институтын бітірді. 1937-39 ж. Новосібір облысы партия комиетінің бөлім меңгерушісі. 1939-40 ж. Новосібір облыстық Біріккен мемлекеттік баспаның директоры және "Сибирские огни" саяси-көркем әдеби журналының бас редакторы қызметін қоса атқарды. 1940-41 ж. Қазақстан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары қызметін қоса атқарды. 1941 ж. Қазақстан КП ОК хатшысы болды. Ұшақ апатынан қаза тапты. Ғабдолла тарих ғылымының кандидаты, партия тарихы мәселелері жөнінде бірнеше еңбектің авторы. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том</ref> Оның есімімен Алматы қаласында көше атауы берілген.

Дереккөздер

<references/>