Яхия Шынәсілұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Яхия Шынәсілұлы (15 желтоқсан 1920 жылы туған, Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылының Теспе бөлімшесі)театртанушы, педагог.

Биография

2-дүниежүзүзілік соғысқа қатысқан. 1952 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театртану факультетін бітірді. Шынәсілұлы өзінің еңбек жолын Жамбыл облысы атқару комитетінің өнер бөлімі меңгерушісі (19521954) болудан бастады, әрі осымен қатар Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищещесінде педагогикалық қызметпен де айналысты: мұнда мұғалім, ұзақ жылдар бойы училищенің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі (19651981) болып қызмет атқарды. 1981 жылдан зейнеткер, ал 1984 жыжы арнайы шақыртылып, осында педагог қызметін қайта жалғастырды.

Шәкірттері:

  • О.Әбділ-манов,
  • Ә.Әмзеев,
  • Т. Жұршиев,
  • Ә.Т. Құлданов,
  • Қ.К. Нұрпейісов,
  • С. Рахманқұлова,
  • Ә. Шәймерденов т.б.

Еңбектері

Жергілікті театр спектаклі жайында жазған алғашқы мақаласы 1960 жылы облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланды. Шынәсілұлы – актер Ш.Қ. Сәкиев туралы жазылған «Мәртебе» (А., 1993), драматургия және оның сахнаға қойылуы жайындағы «Өмір мен өнер» (Тараз, 2000) т.б. кітаптарының, облыстық және республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған театр қойылымдары, адамгершілік негіздері, оқу-тәрбие тақырыптарын қозғайтын 300-ден астам мақалалардың авторы. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен және грамоталармен марапатталған.<ref>Тараз Энциклопедисяы</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}