Яссы Бітім Шарты
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Treaty of peace with japan.jpg
Бітім Шарты
Яссы Бітім Шарты, орыс - түрік соғысынан (1787 – 91 жылдары) кейін 1792 жылы 9 қаңтарда Яссы қаласында жасалды. Яссы Бітім Шарты бойынша Ресей мен Осман сұлтандығы арасында жаңа шекаралар белгіленді. Оңтүстік Буг пен Днестр өзендерінің аралығындағы жер Ресейге өтті. Молдавия мен Валахия Түркияға қайтарылды. Түркия Ресей шекараларына тиіспеуге және Грузия мен Кубань жеріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Яссы Бітім Шарты Ресейдің Қара теңіздегі жағдайын нығайтып, сауда жолын қауіпсіздендірді. <ref>1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>