Ян Судрабкалн

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ян Судрабкалн (1894 жыл 17 мамыр, Рига - 1975 жыл 4 қыркүйек, Рига) - латыш ақыны, Латвия КСР ғылым академиясының халық ақыны (1947). 1966 жылдан Латвия КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 1973 жылы академигі. Социалистік Еңбек Ері (1974). 1951 жылдан КОКП мүшесі.

Өмірі

Ауқатты отбасыда дүниеге келген. Дубулт гимназиясында оқыды. Шығармасы 1909 жылдан жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы - «Қанатты Армада» (1920), «Есек мінген трубадур» (1921), «Жалғыз ұшқан қарлығаш» (1937), «Қыстағы бозторғай» (1939), «Бозторғайлар ұрысқа үндейді» (1942), «Жолдағы астық» (1944), «Қайтқан қарлығаштар» (1951) т.б. өлеңдер кітабын шығарды.

А.Н.Островский, М.Е.Салтыков-Щедрин т.б. шығармаларын латыш тіліне аударды. Ол 7-8 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

«Туысқан отбасыда» (1947) жинағы үшін КСРО Мемлекет сыйлығын (1948), «Тағы да көктем» (1964) кітабы үшін Латвия КСР Мемлекет сыйлығын (1965) алды. 2 рет Ленин орденімен, Қазан революциясы және 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 440 бет</ref>

Дереккөздер

<references/>