Яков Исаакович Клейнбок

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Яков Исаакович Клейнбок (1908 жыл 23 мамыр, Брест1961 жыл 15 қаңтар, Алматы) — мал дәрігері, ветеринария ғылымының докторы (1944), профессор (1944), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). 1944 жылдан КОКП мүшесі.

Еңбек жолы

1932 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітіріп, осы институттың мал патологиясы және емдеу кафедрасында ассистент, ал 1937 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін осы кафедраны меңгерді. Клейнбок жылқының асқазан органдары ауруларын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті.

Шығармалары

  • Ол 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы;
  • Негізгі еңбектері «Диагностика, клиника и терапия заболевания желудка лошадей», «Прогрессивный никробронхит лошадей» және т.б;

Марапаттары

  • 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені;
  • Түрлі медальдар.<ref>Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер