Яков Аркадьевич Гордин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Яков Аркадьевич Гордин – ресейлік тарихшы, публицист, әдебиетші.

Әдебиет зерттеушісі Аркадий Гордин мен жазушы Марианна Басинаның ұлы. Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, алайда аяқтамайды. Бес жыл геологияда жұмыс істеп, Верхоянье (Солтүстік Якутия) экспидициясына қатысады. 1963 жылдан бастап ленинградтық мерзімді басылымдарда өлеңдері, кейінірек сыни мақалалары мен тарихи тақырыптағы пьесалары жариялана бастайды. 1972 жылы Гординнің «Пространство» өлеңдер жинағы жарық көреді. 1991 жылдан бері Андрей Арьевпен бірге «Звезда» журналының бас редакторы. Гординнің кітаптары 1999 жылы «Северная Пальмира» сыйлығына және 2001 жылы Царскосельская сыйлығына ие болады.

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}