Юсупбек Мухлисов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юсупбек Мухлисов (1920-2004) - 3 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Қашқар округі, Артуш уезінің Өстең — Бойы ауылында дүниеге келген. Бала кезінен осы ауылдағы діни бастауыш мектепте оқуға алынып, 1936 жылы гимназиялық мектепке оқуға түскен. 1938 жылы бүл мектеп Синьцзян институты болып кеңейтілгеннен кейін, осы институтты 1941 жылы бітірген. 1942 жылы Тарбағатай округтік Ұйғыр үйымына режиссерлық қызметке шақырылған. «Ревизор», «Бай мен малай», «Екі байға бір қызметкер», «Аршин мал алан» сияқты шығармалар ды сахнаға қойған. «Жалынды оттар» атты тұңғыш тарихи пьесасын жазған. 1957 жылы Үрімшіде шыққан «Садыр палуан» тарихи повесі кейін романға айналып, «Жазушы» баспасынан жарық көрген (1980).

1960 жылдың аяқ шенінде Шығыс Тұркістаннан Алматыға келіп, ҚР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде жұмыс істеген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}