Юрий Павлович Казаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юрий Павлович Казаков (1927 жыл 8 тамыз, Мәскеу - 1982 жыл 29 қараша, Мәскеу) - орыс жазушысы.

Шығармашылығы

1958 жылы Әдебиет институтын бітірді. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. «Манька» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1958 жылы жарық көрді. «Жол бойында» (1961), «Нан иісі» (1965), «Желтоқсандағы екеу» (1966), «Емен орманындағы күз» (1969), «Әңгімелер» (1970) т.б. кітаптары басылды. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын орыс тіліне аударды. Казаков әңгімелері венгр, чех, поляк, т.б. тілдерде жарияланды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>