Юрий Николаевич Тынянов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тынянов Юрий Николаевич (18 қазан 1894, қазіргі Латыш КСР-і, Резекне қаласы - 20 желтоқсан 1943 жыл, Мәскеу) - орыс совет жазушысы, әдебиет зерттеушісі. Дәрігер отбасында туған.

1918 жылы Петербург университетіндегі тарих-филол. факультетін бітірді. 1918-21 жылдары Коминтернде аудармашы болды, 1921 -30 жылдары аралығында орыс әдебиеті тарихынан лекция оқыды. Тарихи-ғылым зерттеуден еңбектері бар. Бірнеше көркем әдебиет туындыларының авторы.

Шығармалары

Ол - орыс әдебиетінің тарихы жайлы "Гоголь және Достоевский" (1921), "Архаистер және Пушкин" (1926), "Пушкин және Тютчев" (1936), поэтикалық тілдің проза тілінен өзгешілігін дәлелдейтін "Өлең тілінің проблемасы" (1934), В.И.Лениннң шешендік сөздеріне лингвистикалық анализ жасаған "Шешен-Ленин сөздігі" (1924) атты еңбектердің авторы. Көркем әдебиетте Тынянов негізінен тарихи романдар жазды. Оған Кюхельбекер туралы "Кюхля"(1925), А.С.Грибоедов жайлы "Уәзір Мұқтардың өлімі" (1927-28) атты шығармалары жатады.

Қызықты деректер

Тыняновтың көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерін А.М.Горький жоғары бағалады.<ref>ҚСЭ энциклопедиясы, 1977</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер