Юрий Дорохов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юрий Дорохов – қазақстандық журналалист.<ref>«Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» Алматы, 2008 жыл. ISBN 9965-9860-7-X</ref>.

1976 жылы Воронежде әскери отбасында дүниеге келген. Ата-анасының қызмет бабымен Кеңестер Одағының жартысына жуық жерлерін аралаған.

Орта мектепті бітірген соң Иркутск университетінің тарих факультетін бітіріп, палеография (ежелгі қолжазбаларды оқу өнері), саясаттану пәндерінен дәріс берген.

2003 жылдан бастап журналистика саласына ауысқан. Ол алдымен телеарналарда, кейіннен «Коммерсанть», «Эксперт» тобында жұмыс істеген. 2007 жылдың күзінде «Эксперт Қазақстан» журналының шеф-редакторы қызметін атқарған. Юрий нон-фикшн (ғылыми көпшілік) әдебиетімен, альпинизммен айналысқанды ұнатады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}