Юрий Аравин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юрий Аравин (2.4.1941 жылы, РКФСР. Тверь қаласы) — музыкатанушы, тележүргізуші.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Новосибирск мемлекеттік консерваториясын (1968), Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (проф. Б.Ерзакович) бітірді (1972). Қазақ қыздар педогогикалық университетінде (1973-78), ал 1979-88 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында аға оқытушы (кейіннен доцент), Қазақ радиосында музыкалық жетекші болып қызмет істейді.

"Қазақстан" ұлттық телеарнасынан "Музей звуков" телехабарын жүргізген. Хабар көрермендерді Қазақ музыкасының алуан қыры мен құпия сырларынан хабардар етті. Аравин педагогикалық қызметпен қатар ғылыми-зерттеу және музыкалық-ағартушылық жұмыспен айналысып, Қазақ, ұйғыр музыкасы жайында бірқатар мақалалар жазды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995).

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}