Юрий Александрович Орлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Medal Lenin Prize.png
"Ленин" Ордені
Сурет:Order of Labour Glory 1st.jpg
"Еңбек Қызыл Ту" Ордені

Юрий Александрович Орлов (12.6.1893, Ресей, Симбирск губерниясы Тамышево селосы – 15.10.1966, Мәскеу) – орыс палеонтологы және гистологы. КСРО ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1953), академия (1960) Петроград университетін бітірген (1917). 1939 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеу қаласында тұрды. 1939 – 1966 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, КСРО ғылым академиясының Палеонтология институтында (1945 – 1966) директорлық қызмет атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері қазба жануарлардың салыстырмалы морфологиясы мен палеоневрологиясына, омыртқасыз жануарлардың нейрогистологиясына арналған. Юрий Александрович Орлов Қазақстан жеріне бірнеше рет палеонтологиялық экспедициялар ұйымдастырып, оларға басшылық жасады. 1928 жылы Павлодар қаласының маңынан аса маңызды “Қаздар қонысы” гиппарион фаунасын тапты. 1929 – 30 жылы сол өңірді зерттеген экспедицияны басқарды. 1936 жылы Бетпақдаладағы Асқазансорда және 1938 жылы Арал өңіріндегі Ақеспеде қазба фаунасын зерттеп, ол жөнінде ғылыми еңбектер жариялады. Орловтың “В мире животных” (1989) атты еңбегінде Есіл, Бетекей, Қызылайғыр, т.б. өзендерде, “Қаздар қонысы” және Шалқартеңіз көлінен табылған қазба жануарлар жөнінде маңызды ғылыми деректер береді. 100-ден аса ғылыми еңбек жазған. “Палеонтология негіздері” атты 15 томдық ғылыми жинақтың (Лениндік сыйлықтың лауреаты, 1967; қайтыс болғаннан кейін) бас редакторы болды. Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Мәскеудегі Палеонтология музейі Орлов есімімен аталады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Юрий Александрович Орлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}