Юрий Александрович Зеленцов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юрий Александрович Зеленцов - 1949 жылы 21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында туған. Орыс. Әкесі - Зеленцов Александр Фокеевич, музыкант. Анасы - Чемоданова Александра Ивановна, зоотехник. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтының тарих-филология факультетін бітірген (1975), орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. 1976 жылдан - А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтының қоғамдық мамандықтар факультетінің деканы. 1986 жылдан - Теміржолшылар Мәдениет сарайының, кейіннен Жастар Мәдениет сарайының директоры. 1999 жылдан бері - Батыс Қазақстан облыстық A.Н. Островский атындағы орыс драма театрының директоры (Орал). Орал қаласы Промышленный ауданының депутаты (Орал темір жол бөлімшесі атынан ұсынылған, 1985-1986). ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Мәдениет қайраткері (2010). Әскери атағы - запастағы старшина. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған, өркениетті мемлекет». Хоббиі - аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Кузьмичева Марина Викторовна, музыка оқытушысы. Қызы - Зеленцова Валентина (1976 ж. т.); ұлы - Зеленцов Игорь (1980 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub