Юн Руслан Борисович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Юн Руслан Борисович (3.6.1953 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – техника ғылымының докторы (1992). Қарағанды политехникалық институтын (1975, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) бітірген. Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде тау-кен жұмысшысы, тау-кен шебері, телім бастығы (1975–80), бас инженер (1980), шахта бастығы, директор (1983–93), «Жезқазғантүстіметаллургия» кәсіпорнының директоры, вице-президенті (1993 жылдан), директорлар кеңесінің вице-төрағасы (2000 жылдан), басқарма төрағасы (2001) болды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> 2003 жылдан «Қазақмыс» корпорациясы АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарады. «Обоснование методов управления горным давлением при повторной разработке пологозалегающих рудных залежей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}